Мәскеудің орталығындағы фитнес-клуб жанында атыс болып, «қазақ» лақап атымен таныс ММА файтері Бағдат Дүйсембаев жараланды, деп жазады Prosports.kz сайты eurosport.ru-ға сітлеме жасап.

REN TV хабарлағандай, оқиға Орджоникидзе көшесінде болған. Қолда бар ақпаратқа сенсек, Дүйсембаев фитнес-клубқа жазылу үшін келген. Ол көлігін тұраққа қалдырып, клуб картасын жасата бастаған.

Күзетшілер Бағдаттан көлігін алу талап еткен. Жанжал туындап, күзетші Дүйсембаевқа алты рет оқ атқан. Бағдаттың кеуде тұсы жараланып, ауруханаға жатқызылды.

30 жастағы Бағдат Дүйсембаев әуесқой ММА-да өнер көрсетеді. Файтер TOPDOG және Hardcore MMA турнирлеріне қатысқан.