Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек «Атырауға» ауысуы мүмкін, деп жазыды Prosports.kz.

Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.

Футболшы «Ақсудың» оқу-жаттығу жиынына қатысты, бірақ павлодарлық командамен келісімшартқа отырған жоқ.

Сондай-ақ, Екінші лигада бақ сынайтын «Хан Тәңірі» командасы да Тұрысбекке қызығушылық танытып отыр.

Айта кетейік, Тұрысбек мансабында «Қайрат», «Тобыл», «Жетісу», «Шахтер», «Тараз» және сербиялық «Раднички» клубтарында өнер көрсеткен.