Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) АҚШ-та келесі жекпе-жегі алдында дайындықты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

28 жастағы боксшының командасы Instagram-да Лос-Анджелестегі Бадди Макгирт залында кезекті жаттығуынан видео жариялады. «Жаттығу қызып жатыр», – делінген видео сипаттамасында.

Жәнібектің келесі жекпе-жегінде WBO тұжырымы бойынша орта дивизиондағы «уақытша» әлем чемпионы атағы сарапқа салынады деп күтілуде. Қазақстандықтың қарсыласы бразилиялық Эскива Фалькао болады деп жоспарланған еді, бірақ жақында Twitter-дегі жазбаларының бірінде Жәнібек Әлімханұлы басқа қарсылас іздеуге тура келетінін айтқан болатын.

Фото instagram.com/janibek_qazaqstyle