Бейжіңде өтіп қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті күнделікті эпидемиологиялық есепті жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Beijing2022.com сайтына сілтеме жасап.

14 ақпанда Қытай әуежайларына Олимпиадаға қатысты 7 адам келді. Әуежайда жүргізілген ПТР сынақтарының нәтижелері бойынша ешкімнен COVID-19 анықталмады.

Дәл осы кезеңде оқшауланғандардың арасында 68 970 ПТР сынағы жасалды, оның 5239-ін спортшылар мен команданың ресми өкілдері, 63 731-басқа тараптардың өкілдері тапсырды. Нәтижелері бойынша ешкімнен коронавирус анықталған жоқ.