«Қайраттың» және Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен «Ақсуға» ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Футболшы ертең Түркияда «Ақсумен» бірге жаттығу барады.

Бұған дейін Әбікен «Қайраттың» дубльімен жаттығып, Түркиядағы негізгі құрамның оқу-жаттығу жиынына ұшпаған.

«Ақсу» Әбікенді бір жылға жалға алады. Бұған дейін командаға «Қайраттың» тағы бір бұрынғы ойыншысы Гафуржан Сүйімбаев қосылды.