«Ордабасы» футбол клубының президенті шымкенттік клуб тізгініне Александр Седневтың келуі жайлы пікір білдірді.

- Александр Седневпен келісім-шартқа отырарда біз бірнеше затқа мән бердік. Біріншіден, ол өзі жақсы маман ретінде ұсынды. Екіншіден, чемпионатқа дайындалуға уақыт аз қалды, ал ол біздің ойыншыларымыз жайлы барлық мәліметті білетін бірден-бір адам. Александр Сергейұлына клубтың қиын кезеңдерді бастан өткізіп жатқанын түсінгеніне алғысымды білдіремін, жеке әңгіме барысында да оның біздің жергілікті клуб үшін уайымдайтынына көз жеткіздім.

Біздің клубтың өмір сүру бағыттары жайлы барлық көзқарастарымыз сәйкес келді - қаржылық талаптардан бастап, команда мен жалпы клубтың өсу тұжырымдамасына дейін. Біз әлемдік футболдың дамытып жатқан жолымен жүргіміз келеді. Біз ортақ тіл табысып, келісім-шартқа отыру жайлы шешімге келдік.

Келіссөздер барысында біз клубтың даму жоспарын, кез келген қиындыққа дайын ұжымды және нәтиже көрсетуге қабілетті бапкерлік штабты қарастырғанымызды атап өткім келеді. Шарттың қаржылық талаптары жайында еш қиындық тумады, біз шымкенттік клубтың болашағы жайлы сөз қозғадық. Тағы да қайталап айтқым келеді, біздің көзқарастарымыз сай келіп, ортақ шешім шығардық, сол себепті де біз команда сапынан Александр Седневты көруді қаладық, - деді президент.