«Ақтөбенің» бес ойыншысы «Томьға» қарсы жолдастық кездесуде ойнамайды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақтөбе» футбол клубының қорғаушысы Темірлан Ерланов пен француздық жартылай қорғаушы Уго Видемон бүгін түрлі себептермен алаңға шыға алмайды.

Сондай-ақ, украиналық шабуылшы Виталий Балашов, жергілікті футболшылар Әділхан Таңжарықов пен Максим Самородов ресейлік клубқа қарсы ойынға қатыспайды.