«Висла» футбол клубының бас бапкері қызметіне 50 жастағы польшалық маман Ежи Бженчек тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Команданы былтыр жаздан бері словениялық Адриан Гула жаттықтырды. Оның жеткшілігімен «Висла» Польша чемпионатында 13-орынға ие болды.

Ал Ежи Бженчек 2018-2021 жылдар аралығында Польша құрамасының бас бапкері болды.

Айта кетейік, «Висла» сапында Қазақстан құрамасының 27 жастағы жартылай қорғаушысы Георгий Жуков өнер көрсетуде.