Қазақстан Премьер-лигасында дебют жасайтын «Мақтаарал» екі жаңа ойыншымен келісімшар жасасқанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың бірі қазақстандық футбол жанкүйерлеріне жақсы таныс – 2019 жылдың тамыз айынан бері «Атырау» сапында өнер көрсетіп жүрген 28 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушы Алекс Бруно. Ол Қазақстан чемпионатының Премьер-Лигасында 33 кездесу өткізіп, 2 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Екіншісі 26 жастағы беларусьтік қорғаушы Павел Чикида. Ол «Смолевичи», «Крумкачи», «Днепр» (Могилев), «Гомель» командаларында өнер көрсеткен. Өткен маусымда ол Беларусь чемпионатының Жоғары лигасында 28 матч өткізіп, 2 нәтижелі пас берді. Transfermarkt қазір бұл ойыншыны 250 000 еуроға бағалайды.