15 ақпан күні Түркияның Анталия қаласында алматылық «Қайрат» киевтік «Динамоға» қарсы бақылау матчын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Киевтіктер қазір 18 матчта 45 ұпай жинап, Украина чемпионатының турнирлік кестесінде екінші орында тұр.

«Қайрат» 2021 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Қазақстан кубогының иегері және ел чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.

«Қайрат» - «Динамо» (Киев) матчының тікелей трансляциясы Алматы уақытымен 20:00-де басталады.

Фото fcdynamo.kiev.ua