«Атырау» польшалық қорғаушы Павел Борановскиймен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы команданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Борановский «Ягеллония» клубының түлегі. «Подбескидзе», «Вигры», «Стомиль», «Белхатув», «Одру» және «Горник» сияқты клубтарда өнер көрсеткен.