Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский Бельгия Бірінші лигасында бақ сынайтын «Моленбек» сапындағы дебюттік голын соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.«Моленбек» 20-турда «Дейнзе» командасын 1:0 есебімен жеңді. Ойындағы жалғыз голды қазақстандық футболшы соқты.

Айта кетейік, Вороговский негізгі құрамда алаңға шығып, 90 минут өнер көрсетті.

«Моленбек» (Моленбек-Сен-Жан, Бельгия) – «Дейнзе» (Бельгия) – 1:0

Гол соққан: Ян Вороговский 25