Эдинсон Кавани жазда «Манчестер Юнайтедтен» кетіп, испаниялық клубтардың біріне ауысуға ниетті, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы журналист Фабрицио Романо хабарлады.

Бұған дейін «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Ральф Рангник Каванидің 2021/22 жылғы маусымының соңына дейін командадан кетпейтінін айтқан.

Айта кетейік, 34 жастағы Кавани Уругвай құрамасы сапында 128 ойынға (54 гол) қатысқан. Ал клубтық мансабында «Данубио» (30 ойын, 12 гол), «Палермо» (117, 37), «Наполи» (138, 104), ПСЖ» (301, 200), «Манчестер Юнайтед» (54, 19) командаларында доп тепті.