«Атырау» шабуылшы Сәбит Тастанбековпен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Тастанбеков «Атыраудың» қосалқы командасында өнер көрсеткен. Өткен жылы ойыншы негізгі құрамда алғашқы матчын өткізді.

Жалпы, Тастанбеков «Атырау» сапында 10 кездесуге қатысып, бір нәтижелі пас берді.