Қазақстандық «Каспий» футбол клубы Украинаның «Колос» командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Анталиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында өткен матч 1:0 есебімен аяқталды.

Қарсылас команданың ойыншысы Кирилл Петров өз қақпасына автогол соғып алды.

Еске салайық, Киев облысының командасы 18 матчта 24 ұпай жинап, Украина премьер-лигасының турнирлік кестесінде 8-орында тұр.