11 ақпанда петропавлдық «Қызыл-Жар» Түркияның Белек қаласында ресейлік «Ленинградец» командасына қарсы бақылау матчын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ленинград облысының командасы 18 матчта 40 ұпай жинап, Ресей Ұлттық футбол лигасының 2-топ 1-топшасындағы турнирлік кестеде 2-орында келеді.

2021 жылғы Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша «Қызыл-Жар» 4-орынға ие болып, УЕФА конференциялар лигасында ойнау құқығына ие болды.

«Қызыл-Жар» - «Ленинградец» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:00-де басталады.