«Ақтөбенің» Анталиядағы оқу-жаттығу жиыны барысында украиналық форвард Адеринсола Хабиб Эсеола медициналық тексерістен өтіп жатыр.

Бұл туралы «Ақтөбе» баспасөз қызметі хабарлады. 30 жасар орталық шабуылшы Украинаның «Десна», «Александрия», «Ворскла» ұжымдарында және қазақстандық «Ақжайық» пен «Қайрат» сынды клубтарда ойнаған.

Эсеола ҚПЛ 2019 маусымында жылдың үздік сұрмергені атанған болатын.