«Парманың» қақпашысы Джанлуиджи Буффон мансабын АҚШ-та жалғастыруы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Шетелдік басылымдардың хабарлауынша, 44 жастағы ойыншы МЛС клубтарының ұсынысын қарастырып көруге дайын.

Буффон мансабын аяқтауға асықпайды. Қайта MLS-те бақ сынап көруге ниетті. Тәжірибелі қақпашы әлі америкалық клубтардан ұсыныс алған жоқ, бірақ кез келген нұсқаны қарастыруға дайын.

Айта кетейік, Италиялық аңыз қаөпашының «Пармамен» қазіргі келісімшарты 2023 жылдың маусымына дейін жарамды.