Бірінші лигаға түсіп қалған «Жетісу» Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Талдықорғандық «Жетісу» Эдуард Глазунов бас бапкер болып тағайындалғаннан кейін Талдықорғанда алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізіп, оған жергілікті 38 ойыншы тартылды.

Екінші оқу-жаттығу жиыны Алматыда өтеді, ол 12 ақпанда басталады.

Айта кету керек, оқу-жаттығу процесі «Қайраттың» базасында өтеді.

Еске салайық, Талдықорған клубындағы Глазуновтың бапкерлік штабында Данияр Мұқанов, Виктор Расқұлов және Руслан Барзукаев бар.