Бейжіңде өтіп қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті күнделікті эпидемиологиялық есепті жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Beijing2022.com сайтына сілтеме жасап.

9 ақпанда Қытай әуежайларына Олимпиадаға қатысты 61 адам келді, оның ішінде 32 спортшы мен ресми өкілдер және 29 басқа тараптардың өкілдері. Әуежайда жүргізілген ПТР сынақтарының нәтижелері бойынша 6 адамнан COVID-19 анықталды, оның төртеуі спортшылар мен команданың ресми өкілдерінен, екеуі басқа тараптардың өкілдерінен.

Дәл осы кезеңде оқшауланғандардың арасында 71 516 ПТР сынағы жасалды, оның 6 660-ін спортшылар мен команданың ресми өкілдері, 64 856-басқа тараптардың өкілдері тапсырды. Нәтижелері бойынша үш адамнан коронавирус анықталды, барлығы спортшылар мен командалардың ресми өкілдерінде.