«Тобыл» ФК ФИФА тәртіптік комитетінен Руслан Валиуллинді 24 айға футболдан шеттету туралы ресми хат алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ойыншыға жиырма төрт (24) ай мерзімге санкциялар қолданылды. Футболға байланысты кез келген қызметтен шеттету 2021 жылдың 10 қыркүйегінен 2023 жылдың 10 қыркүйегіне дейін күшінде», – делінген ФИФА тәртіптік комитетінің хатында.

Айта кетейік, қазір Руслан Валиуллин апелляция беруге ниетті.