29 жастағы вингер Джордан Нкололо петропавлдық «Кызыл-Жарда» қаралымнан өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшы Францияның бірінші лигасының «Кан» клубында өнер көрсетуімен танымал болған. Нкололо қазіргі уақытта бапкерлер штабында қаралымнан өтіп жатыр және оған келісімшарт ұсынылуы мүмкін.

2015 жылдан бастап Нкололо Конго құрамасында ойнайды.

Джордан Нкололо «Шатору», «Клермон Фут», «Рига», «Волынь», «Истра 1961», «ФК Херманнштадт» сияқты клубтарда ойнаған. Джордан Нкололоның соңғы клубы литвалық «Судува» болды.