Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында алматылық «Қайрат» босниялық «Борацпен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қайраттың» негізгі құрамы: Устименко, Астанов, Буранчиев, Баньяк, Кургин, Адахаджиев, Гуральский, Сейдахмет, Әліқұлов, Ульшин, Үсенов.

Түркиядағы кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Алматылықтар сапында 86-минутта ирандық форвард Ария Барзегар гол соқты. Бұл ойыншы алматылық клубта қаралымнан өтіп жатыр.

Енді Құрбан Бердыев шәкірттері келесі матчын 12 ақпанда өзбекстандық «Навбахорға» қарсы өткізеді.