«Тобыл» футбол клубы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Владислав Васильевпен келісім-шарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz қостанайлықтардың инстаграмдағы парақшасына сілтеме жасап.Васильев Өзбекстанның «Андижан» командасына өткен жылдың шілде айында ауысты. Клуб құрамында 8 матч өткізіп, бір гол соқты.Туған күні: 10 сәуір 1997Бойы: 180 смСалмағы: 76 келіАзаматтығы: Қазақстан