Талдықорғандық «Жетісу» төрт ойыншымен келісім шартқа отырғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Талдықорғандық клуб сапына үш ойыншы келді. Олар: қақпашы – Андрей Пасеченко, қорғаушы – Берік Шайхов және жартылай қорғаушы Мәди Хасейн. Барлық ойыншылар «Жетісуға» еркін агент ретінде ауысты.

Сондай-ақ клуб Рафкат Асланмен келісімшарт мерзімін ұзартты.