«Тұран» футбол клубы басшылығының шешімімен интернетте «қазақстандық Моуриньо» деп танымал болған Ивадулла Мелдеханов мүмкіндігі шектеулі көрермендермен жұмыс бойынша лауазымға тағайындалды, деп жазады Prosports.kz клубтың инстаграмдағы парақшасына сілтеме жасап.

Ивадулла - Түркістан тұрғыны. Бала кезден Кентауда футболмен шұғылданған. Былтыр «Тұранның» «Түркістан Аренадағы» бірде-бір матчын жібермеді.

7 жыл бұрын футбол жанкүйері Ивадулла Мелдеханов матчтарда ерекше қолдауымен ел назарын өзін аударды. YouTube-та оның видеосы 600 мың қаралым жинап үлгерген. Стадионда «қазақстандық Моуриньо» өзін бас бапкер ретінде көріп, командалар мен ойыншыларға ақыл-кеңесін айтып, трибунадағы көрермендерді «қыздыра» түсетін.

«Тұран» футбол клубы Ивадулла жаңа қызметінде табыс тілеп, команданың дамуына өз үлесі қосатынына сенім білдіреді.