ЦСКА ойыншылары Кампаомордағы оқу-жаттығу жиынында Данияның «Лингби» клубын сынақ матчында жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын 3:2 есебімен аяқталды.

Мәскеулік команда сапында голдарды Иван Обляков (27-минут), Антон Заболотный (43) және Владислав Яковлев (89) соқты.

Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы Бактиер Зайнутдинов бірінші таймды толық ойнап, үзілісте алаңнан кетті.

ЦСКА құрамы: Акинфеев (Боков, 46), Бийол (Набабкин, 62), Фукс, Фернандес (Дивев, 62), Магнуссон (Щенников, 62), Обляков (Еджуке, 62), Мухин, Медина, Язиджи, Зайнутдинов (Дзагоев, 46), Заболотный (Яковлев, 79).