Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Роттердамда өтіп жатқан ATP 500 сериясы турнирінің екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Француз Эдуард Роджер-Васселинмен дуэтте Андрей үнділік Рохан Бопанн мен Канада өкілі Денис Шаповловтан 3-6, 4-6 есебімен жеңіліп қалды.

Матч 1 сағат 10 минутқа созылды.