УЕФА футзалдан ұлттық құрамалардың рейтингін жаңартты. Кака шәкірттері тізімде алғашқы бестікке енді.

Еуропа чемпионатында ширек финалға дейін жетіп, Украинаға есе жіберген еді.

Жаңартылған рейтингте Еуропа чемпионы Португалия көш бастап тұр. Екінші орында күміс жүлдегер Ресей, үшінші орынға қола жүлдегер Испания жайғасқан.

Футзалдан УЕФА-ның жаңартылған рейтингі:

  1. Португалия – 2693,758
  2. Ресей – 2547,159
  3. Испания – 2488,909
  4. Қазақстан – 2367,187
  5. Хорватия – 2051,042
  6. Сербия – 2050,143
  7. Әзербайжан – 2015,589
  8. Украина – 2009,816
  9. Италия – 1934,516
  10. Чехия – 1887,535.