«Сочидің» армениялық жартылай қорғаушысы Эрик Варданян карьерасын «Астанада» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Metaratings.ru сайтына сілтеме жасап.

Трансфер аяқталуға жақын, ойыншы таяу арада жаңа клубына қосылады.

Варданян армяниялық «Пюникте» жалда ойнап, сочилік командаға оралған соң өзіне жаңа клуб іздеген.

Хавбек «Сочиге» 2020 жылы қаңтарда «Пюниктен» 350 мың еуроға ауысқан. Ресейлік командада ол бір ғана матч өткізген.

Transfermarkt порталының мәліметінше, 23 жастағы футболшының трансферлік құны - 300 мың еуро.