Prosports.kz порталына белгілі болғандай, жартылай қорғаушы Лев Скворцов карьерасын түркістандық «Тұранда» жалғастырады.

2 ақпанда 22 жасқа толған футболшы түркістандық клубпен келісімшарт жасасқан.

Лев Скворцов карьерасының басым бөлігін «Астанада» өткізген. 2020 жылғы маусымда «Атырауға» жалға берілген.

Футболшы Қазақстанның жасөспірімдер (U-18 бен U-19) және жастар (U-21) құрамасында ойнаған.

Фото fcastana.kz