Әуесқой бокстан Қазақстан командасының жаңа капитаны сайланды.

Бас бапкер Қайрат Сәтжановтың мәліметінше, құрама капитаны міндеті тәжірибелі боксшы Асланбек Шымбергеновке сеніп тапсырылған.

Айта кетелік, Токио Олимпиадасына дейін капитан міндетін Қамшыбек Қоңқабаев атқарды.

Ал Белградтағы әлем біріншілігіне Қазақстан командасы Абылайхан Жүсіпов бастап барған болатын.