Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының бесінші күнінде қазақстандықтар үш спорт түрінен өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тау шаңғысындағы жалғыз өкіліміз Александра Троицкая Бейжің Олимпиадасындағы алғашқы және соңғы жарысына қатысады. 18 жастағы жас спортшымыз Яньциндегі жарыс жолында сынақтан өтеді.

Олимпиаданың тағы бір дебютанты Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысында ел намысын қорғайды. 26 жастағы спортшы трамплиндегі жекелей жарыстан бастап, кейін Гундерсен жүйесі бойынша 10 шақырымдық жарысқа қатысады.

Ал жарыс күнін шорт-трекшілер аяқтайды. Әйелдер арасындағы 1000 метрге жарыста Ольга Тихонова бақ сынаса, Әділ Ғалиахметов пен Денис Никиша 1500 метрде жарыс жолына шығады.

Одан бөлек, шайбалы хоккей мен керлингтен ерлер арасындағы турнир басталады. Әйелдер арасында сноуборд-кросс жарысы өтеді. Ертең шана жарысы да бар.

9 ақпандағы жарыс кестесі

Тау шаңғысы8:15 Слалом. Әйелдер. Бірінші мүмкіндік11:45 Слалом. Әйелдер. Бірінші мүмкіндік

Шаңғы қоссайысы14:00 Орташа трамплин. Ерлер17:00 Гундерсен жүйесі бойынша 10 шақырымдық із кесу жарысы. Ерлер

Шорт-трек17:00 1500 м. Ширек финал. Ерлер17:44 1000 м. Әйелдер. Алғашқы кезең18:29 1500 м. Жартылай финал. Ерлер19:20 1500 м. Финал. Ерлер

Қайдан көруге болады:Qazaqstan, Матч Арена - 08:05, 11:35 (тау шаңғысы).Хабар, Матч ТВ - 13:55, 16:55 (қоссайыс).Qazaqsport, Матч Страна - 16:55 (шорт-трек).

*Нұр-Сұлтан уақытымен

Фото: ҰОК