«Зениттің» бас бапкері Сергей Семак қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліпті жалға алу мәселесі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Әліпті жалға алу – жас ойыншыларды дамытудың бір жолы. Хотулев немесе Кравцовты жалға жіберіп, олардың көбірек ойын тәжірибесін алуына мүмкіндік жасау үшін олардың позицияна жаңа ойыншы алуға тура келді. Әліпті сатып алу құқығымен жалға аламыз. Оң қапталдағы қорғаушы позициясына Адамовты алдық, сондықтан Сутормин сәл жоғары, өзінің әдеттегі позициясында ойнады. Ал Сергеев шабуыл шебіндегі бәсекелестікті арттырады», - деп келтіреді Семактың сөзін «Чемпионат» тілшісі Анатолий Романов.

22 жастағы Әліп «Қайраттың» ойыншысы. Ол ресейлік клубтың екінші оқу-жаттығу жиынында «Мидтьюлланд» қақпасына жеңіс голын соқты.

Айта кетейік, Нұралы Әліп «Қайрат» сапында 99 матчқа қатысып, бес гол соқты және төрт нәтижелі пас берген. Transfermarkt порталы қорғаушыны 1,7 млн еуроға бағалайды.