Қорлан Жаханша грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының жаңа капитаны атанды, деп хабарлайды Prosports.kz Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорлан Жаханша – Нұр-Сұлтанда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері (Бішкек 2018, Сиань 2019, Нью-Дели 2020).

Бұған дейін Алмат Кебіспаев ұлттық құраманың капитаны болған, ол кәсіпқой мансабын аяқтады.