Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (15-0) жақында UFC Vegas 47 турнирінде Карлстон Харристі жеңгеннен кейін UFC-дің жаңартылған рейтингінде топ-15 тізіміне енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Орта салмақтағы чемпиондар арасында бірінші орында америкалық Колби Ковингтон, екінші орында Гилберт Бернс, үшінші орында англиялық файтер Леон Эдвардс.

Рахмонов бұл тізімге алғаш рет енді.