Бүгін қазақстандық «Каспий» клубы оқу-жаттығу жиынында Өзбекстанның АГМК клубына қарсы сынақ ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 0:2 есебімен ақтаулық клубтың жеңілісімен аяқталды.

«Каспийдің» матчқа шыққан бастапқы құрамы: Аязбаев, Тайкенов, Бонадренко, Барановский, Цуцкич, Тигруджа, Нарзилдаев, Нұрғалиев, Киреенко, Арменов, Нүсіп.