Prosports.kz сайтына белгілі болғандай, «Қайрат» АФК президенті Қайрат Оразбеков Қазақстан футбол федерациясының басшысы қызметіне өз кандидатурасын ұсынған.«Қайрат» футзал клубы ҚФФ ЗТБ мүшесі ретінде Қайрат Оразбековті ҚФФ президенті лауазымына ұсынды.Қайрат Айтмолдаұлын Қазақстан футзалындағы басты тұлға деуге толық негіз бар. Ол «Қайрат» футзал клубын құрып, оны әлемдегі ең танымал командалардың біріне айналдырды. Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатында жүлде алып, әлем біріншілігінде үздік төрттікке енді. Ұлттық құраманың осындай ірі жетістікке жетуіне де Оразбеков үлкен еңбек сіңірді.Қайрат Айтмолдаұлы көп жылдан бері қайырымдылықпен айналысып, балалар футзалына арналған инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударып келеді. Оразбеков спорт менеджері ретінде біліктілігін дәлелдеп, жетістікке жеткен тұлға. Ол федерацияны ретке келтіріп, ел футболын дағдарыстан шығара алады деп сенеміз.