Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында ерлер сноуборд-слоупстайлдан сынға түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бағдарламаның бұл түрінде канадалық Макс Парро (90,96 ұпай) жеңіске жетті. Күміс қытайлық Су Иминге (88,70) бұйырса, Канаданың тағы бір өкілі Марк МакМоррис (88,53) қола жүлдеге қол жеткізді.

Қысқы Олимпиада ойындары. Пекин (Қытай)Сноуборд. Слоупстайл. Ерлер1. Максенс Парро (Канада) – 90,962. Су Имин (Қытай) – 88,703. Марк Макморрис (Канада) – 88,534. Редмонд Джерард (АҚШ) – 83,255. Эмилиано Лауци (Италия) – 80,016. Крис Корнинг (АҚШ) – 65,11

Фото olympics.com via Getty Images