Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Монпельедегі турнирде жеңіске жеткеннен кейін ATP рейтингінде өзінің жеке рекордын жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші бірінші рет топ-5-тегі қарсыласын жеңді – Зверев әлем рейтингінде үшінші орында келеді. Бублик сонымен қатар карьерасында алғашқы ATP титулын жеңіп алды. Алғаш рет қазақстандық теннисші 2019 жылдың 21 шілдесінде финалға шыққан болатын, бірақ Ньюпортта өткен турнирдің титул үшін Джон Иснермен кездесуі жеңіліспен аяқталды. Одан кейін тағы үш жеңіліс болды: 2019 жылдың қыркүйегінде, сондай-ақ 2021 жылдың қаңтарында және ақпанында.

Бірінші титул Бубликке жеке рейтинг рекордын әкелді: аптаның соңына қарай ол әлемнің 31-ші ракеткасы болады. Бұл оның карьерасындағы ең үздік нәтиже.

Осылайша ол енді аты аңызға айналған швейцариялық теннисші Роджер Федерерге жақындайды, ол рейтингте 30-орында тұр.