«Ақтөбе» футбол клубының жанкүйерлері ивуар шабуылшысы Жерар Гоу командада қалғанын қалайды. Бұл туралы фанаттар әлеуметтік желілерде жазып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Ақтөбелік клубта қаралымнан өтіп жатқан Гоу польшалық «Заглембеге» қарсы жолдастық матчтың екінші таймына шыққан. Сондағы ойынымен жанкүйерлер көңілінен шыққанға ұқсайды.

«Гоу жақсы ойнады, бір жыл бойы ойын тәжірибесі аз болғанын да ескеру керек. Техникасы жақсы, қарсыласты алдай алады. Қазір гол соққыш форвард табу қиын, оның үстіне Гоудың елге, чемпионатқа бейімделуі керек емес», - деп жазған желі қолданушылары.

«Гоуды қалай да алып қалу керек, бір айда бабына келетін сияқты», - дейді ақтөбелік фанаттар.