Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Монпельеде (Франция) өткен ATP 250 санатындағы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда Бублик әлемнің үшінші ракеткасы Александр Зверевпен кездесіп, оны екі сетте 6:4, 6:3 есебімен ұтты.

ATP-250. Монпелье. Финал

Александр Зверев (Германия) - Александр Бублик (Қазақстан) - 4:6, 3:6

Кездесудің ұзақтығы 1 сағат 10 минутты құрады. Бублик 8 эйс жасады.

Бублик алғаш рет ATP турнирінде топ жарды.