Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (14-2) 11 наурызда оралады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол Мадинат Исада (Бахрейн) өтетін Brave CF 57 турнирінде өнер көрсетеді. Қарсыласы «Жыртқыш» лақап аты бар ресейлік Ризван Абуев (12-3) болады. Жекпе-жек жеңіл салмақ санатында өтеді.

Асу Алмабаев соңғы жекпе-жегін желтоқсанда өткізді. Naiza FC 36 турнирінде ол үшінші раундта бразилиялық Кайк Аленкарды (10-2) нокаутқа түсірді. Ризван Абуев соңғы рет 2021 жылдың сәуір айында жекпе-жек өткізіп, Kingdom Professional Fight турнирінде отандасы Илья Черкашинді (6-3) үшінші раундта нокаутпен жеңген болатын.