Қазақстандық Бейбіт Жукаев Шарм-эль-Шейхте һтіп жатқан жүлде қоры 25 мың АҚШ доллар құрайтын ITF World Tennis Tour M25 турнирінде үздік шықты, деп хабарлайды Prosports.kz ФТК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтау қаласының тумасы ресейлік Әлібек Качмазовпен дуэтте финалда турнирдің екінші ракеткасы Ю Хсу (Қытай Тайпейі) мен Нил Оберитнерді (Австрия) 1:6, 7:6, 10:5 есебімен ұтты.

Мысырда өткен турнирдің жекелей сында Жукаев жартылай финалға дейін жетіп, бірінші сериялық бәсекеде тәжірибелі чехиялық Лукас Росолдан жеңіліп қалды – 3:6, 2:6.