Бейжің Олимпиада ойындарындағы бүгін өтуі тиіс ерлер арасындағы тау шаңғышыларының жарыстары кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бейжің Олимпиадасын ұйымдастыру комитеті хабарлағандай, бұған басты себеп - ауа райының қолайсыздығы.

Бүгін тау шаңғышылары сайысқа түсетін Яньцинде қатты жел тұрған. Сол себепті бүгінгі өтетін тау шаңғышыларының жарыстарын ұйымдастыру комитеті бір күн кешіктіріп, 7 ақпанда өткізетін болып шешті.