Қазақстан уақыты бойынша 6 ақпан таңертең Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен UFC Vegas 47 турниріне қатысушылардың қанша гонорар алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің мәліметінше, қазақстандық Рахмонов жалпы сомасы 94 мың доллар алды (жекпе-жек үшін 20 мың, жеңіс үшін 20 мың, «Турнирдің үздік ойыны» үшін 50 мың, жекпе-жек алдындағы апта үшін 4 мың).

Бұл «Номадтың» кәсіпқой мансабындағы бір жекпе-жектен алған ең үлкен гонорары. UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде Рахмонов 39,1 мың доллар табыс тапты. Әлемдегі жетекші ММА лигасындағы екінші жеңісі үшін Шавкат 28 000 доллар алған.

UFC Vegas 47 турниріне қатысушылар арасында ең көп сыйақыны Джулиан Эроса алды. Ол 175 мың доллар (жекпе-жек үшін 30 000 доллар, жеңіс үшін 30 000 доллар, салмақ шегін орындай алмаған қарсыласынан 9 000 доллар, турнирдің үздік жекпе-жегі үшін 100 000 доллар бонус, жекпе-жекке алдындағы апта үшін 6 000 доллар) табыс тапты. Кештің басты жекпе-жегінде жеңіске жеткен америкалық Шон Стриклэнд 141 000 доллар (жекпе-жек үшін 65 000 доллар, жеңіс үшін 65 000 доллар, жекпе-жекке алдындағы апта үшін 11 000 доллар) сыйақы алды.