Африка ұлттар кубогының үшінші орыны өткен матчта Буркина-Фасо мен Камерун құрамалары кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойын 3:3 есебімен тең аяқталды. Ал ойын соңындағы пенальти сериясында Камерун құрамсының жолы болды.

Осылайша, Камерун Африка кубогының қола жүлдегері атанды.

Буркина-Фасо – Камерун 3:3 (2:0, 3:3), пен 3:5Гол соққандар: 1:0 – Яго (24), 2:0 – Онана (43), 3:0 – Уаттара (49), 3:1 – Баокен (71), 3:2 – Абубакар (85), 3:3 – Абубакар (87)