Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі үшінші жекпе-жегіндегі табысының көрсеткіштері жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рахмонов жалпы сомасы 94 мың доллар алды (жекпе-жек үшін 20 мың, жеңіс үшін 20 мың, «Турнирдің үздік ойыны» үшін 50 мың, жекпе-жек алдындағы апта үшін 4 мың).

Еске салайық, бүгін таңертең Нұр-Сұлтан уақыты бойынша Шавкат Рахмонов (15-0) бірінші раундта гайандық Карлстон Харристі (17-5) нокаутқа жіберген болатын. Олардың жекпе-жегі Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) UFC Fight Night 200 турнирінің негізгі картды аясында өтті.