Шавкат Рахмонов UFC-дегі үшінші және мансабындағы 15-ші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

UFC Vegas 47 турнирінде жартылай орта салмақта бақ сынайтын қазақстандық гайандық Карлстон Харристі бірінші раундта ұтты.

27 жастағы Шавкат ММА-да өткізген 15 жекпе-жектің барлығында мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.

34 жастағы Харрис 17 жеңісімен мансабындағы бесінші жеңіліске ұшырады