Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов Ақтауда өткен бокс кешінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз голландиялық Чико Куасимен кездесті. 10 раундқа есептелген жекпе-жек тоғызыншы раундта аяқталды. Куаси қолынан жарақат алып, жекпе-жекті жалғастыра алмады.

Осылайша Нұрдәулетов жартылай ауыр салмақтағы жастар арасындағы WBO чемпионы белбеуін жеңіп алды.